Еуроодақ делегациясы Жоғарғы Сотта болды
️ Жоғарғы Соттың судьясы Баян Тоқтарова Еуропалық сыртқы байланыстар қызметінің (EEAS) Орталық Азия бойынша бөлім басшысы Дитмар Крисслермен кездесу өткізді.
️ Кездесу барысында Қазақстанның құқықтық жүйесін елеулі өзгерткен үш негізгі жетістік атап өтілді.
️ Олардың қатарында тиімді жұмыс істейтін әкімшілік әділет жүйесі бар, онда азаматтар мен бизнес мемлекеттік органдарға қарсы істердің шамамен 60%-ында жеңіске жетеді.
️ Сондай-ақ, жоғары сот сатысына тікелей қолжетімділікті кеңейткен кассациялық соттардың құрылуы, сот жүйесінің қаржылық дербестігі және технологиялық көшбасшылық (талап қоюлардың 95%-ы онлайн түрде беріледі, судьяларға көмек ретінде жасанды интеллект енгізілуде) аталды.
️ Б.Тоқтарова Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамуын атап өтті.
️ Еуропа Кеңесінің институттарымен, соның ішінде Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссия (CEPEJ), Венеция комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобымен (ГРЕКО) белсенді өзара іс-қимылға, сондай-ақ 2025 жылы Страсбургте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Еуропалық адам құқықтары соты арасында қол қойылған меморандумның маңыздылығына ерекше назар аударылды.
️ 2005 жылғы сотты таңдау туралы келісімдер жөніндегі және 2019 жылғы шетелдік сот шешімдерін тану және орындау туралы Гаага конвенциялары аясындағы ынтымақтастықты дамыту халықаралық құқықтық өзара іс-қимылды нығайтудың және сот тәжірибелерін жақындастырудың маңызды құралы ретінде атап өтілді.
️ Цифрландыру бөлімінің басшысы Нұржан Молдақов кездесу барысында Жоғарғы Соттың цифрлық жетістіктерін, соның ішінде Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктерін таныстырды.
️ Крисслер мырза Қазақстан Жоғарғы Сотының халықаралық диалогқа ашықтығын атап өтіп, сот жүйесін цифрландыру саласындағы қол жеткізілген нәтижелерді, соның ішінде заманауи технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін енгізуді жоғары бағалады.
️ Ол Еуропалық Одақтың қолдауымен бірлескен сараптамалық жұмысты дамыту бастамасын қолдап, оның институционалдық ынтымақтастықты нығайту және озық практикамен алмасу үшін маңызын атап өтті.
️Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдірді.